• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әдебиет 14 Қараша, 2023

Сафуан Шаймерденовтің «Ит ашуы» повесі қалай жазылды?

288 рет
көрсетілді

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында аға тілші Азамат Есенжолдың «Көркем шығарма қалай жазылады?» атты мақаласы жарық көрді. Автор бұл мақалада жазушылардың шығармасы қалай дүниеге келетінін жазған. 

Аға тілші үш шығармаға тоқталған. Соның бірі − Сафуан Шаймерденовтің «Ит ашуы» повесі. Бұл туындының жарыққа шыққанына біраз жыл өтсе де, оқырман әлі де іздеп оқиды. Осы туындының жазылуына қандай оқиға түрткі болғанын жазушының өзі бір сұхбатында айтқан екен.

«Бірде жолым түсіп, Алматы облысы­ның Кеген ауданына бардым. Кездескен адам­дардың бірі ит туралы маған мынадай бір қызық оқи­ғаны айтып бергені: күзде қой отарлары таудан қыстауға қарай көшкенде бір шопанның иті жоғалып кетіпті. Әрі іздеп, бері іздеп, шақыра-шақыра таппаған соң, қасқыр жедіге жорыпты да, ол байғұс көшіп кете берген. Қыс өтеді. Келер көктемде әлгі шопан бұрынғы үйреншікті ізімен таудағы жайлауға келе жатса, былтырғы қой жусатып, демалған бір жерінен иті шыға келіпті. Өкпелегені сондайлық, шақырса кел­мейді. Жақындаса, үреді де шегіне береді. Бұған не болған деп бақса, шопан иті көшкен жұртта ұмыт қалған ескі тонды күзетіп қысты өткізіпті... Жазылар повестің кілті осы оқиға­дан кейін табылды. Адам арасындағы күрделі де қиын, қат-қабат қатынастар, адалдық пен арамдық, зұлымдық пен зорлық, өтірік көлгір­су – міне, мұның бәрі де ит көзімен, ит түйсігі арқылы беріледі. Шындап келгенде, бұл әдеби әдіс ғана», депті сөз зергері.

Мақаланың толық нұсқасын оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз.