Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Президенттің өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.