• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қараша, 2023

Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетті

151 рет
көрсетілді

Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан дипломаттары отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді.Айта кететін жайт, Қазақстан азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Осы орайда біздің дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады», делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, барлық азаматтарымыз Газа секторынан Каирге жеткізілгеннен кейін ҚР Үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды.