• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қараша, 2023

Қаңтар оқиғасы: Кішкентай Айкөркемді өлтірді деген әскери ақталды

298 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы гарнизоны әскери соты Арман Жұманға үкім шығарып, оны ақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алайда әскери прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркемді өлтірді деп айыпталған Арман Жұманға шыққан үкіммен келіспейтінін жеткізді.

Ол қару қолдану арқылы билігін асыра пайдаланып, кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған және екі адамның денсаулығына зақым келтірді деген айыппен сотқа тартылған болатын. 

Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы А.Жұманды тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор үкімнің күшін жою жөнінде апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.