• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Форум 16 Қараша, 2023

Теңгенің тарихи күнін байыптаған конгресс

171 рет
көрсетілді

Алматыда Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агент­ті­гінің қолдауымен Қазақстан қаржы­герлерінің ХI конгресі өтті. Қазақстан қаржыгерлерінің қауым­дастығы бұл жолғы жиынды «Теңге: әлемдік на­рықтар­ға апаратын жол» деген тақырып­пен ұйымдастырды.

Басқосуда қаржы саласының нақты секторды дамытудағы рөлі, сондай-ақ нарық алдында тұрған сын-қатерлер мен мүмкіндіктер жайы сарапталып, осы мәселелерге басымдық берілді. Қонақтардың қатарында Қазақстан қаржы секторының барлық дерлік элитасы, оның ішінде Ұлттық банктің 1993 жылдан бергі барлық төрағалары, сондай-ақ алғашқы теңге дизайнының авторы Меңдібай Алин, мемлекет қайраткері Бақытжан Сағынтаев, Қаржы министрі Ерұлан  Жамаубаев, экономистер және қаржыгерлер қатысты.

Форум жұмысына қатысқан ҰБ төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк реттеуші ортаны және қаржылық инфра­құрылымды жетілдіреді. «Сыртқы капитал нарықтарымен байланыс арналарын күшей­теміз. Қазақстанның қор биржаларының әлеуе­тін біріктіреміз. Біз қаржылық технологияларды жан-жақты қолдаймыз. Өңірлік қаржы орта­лықтары ретінде Алматы мен Астананы дамытуды жалғастырамыз», деді ол.

Конгрестің панельдік отырыстарында шетелдік орталық банктер мен қаржы инсти­туттарының басшылары, отандық мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері макроэкономикалық саясат пен қаржы секторы­ның өзекті мәселелерін талқылады. 

Конгресс ұлттық валюта күніне және Қазақ­­стан қаржыгерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылған.