АИТВ инфекциясын жұқтырған адам аурушаң болады, үнемі еңсесі түсіп, шаршаңқы көрінеді, жөтеледі, түшкіреді, қасынады, жылайды, он екі мүшесі түгел ауырады деп ойлайтындар да кездеседі қоғамда. Ал, шын мәнінде, аурудың басты белгілері бұл симптомдар емес.
Мәселе мынада, АИТВ жұқтырғаннан кейін және одан кейінгі инкубациялық кезеңде симптомдар мүлдем болмайды. Содан барып жедел фаза пайда болады. Бұл кезеңде ЖРВИ немесе тұмауға ұқсас белгілер пайда болады. Бірақ мұның барлығы көп ұзамай өтеді. Мұны АИТВ-инфекциясы өзін білдірмейтін уақыт кезеңі, «жасырын кезең» деп атайды. Инфекция жұқтырған сәттен бастап АИТВ-ға дейінгі кезеңге дейін шамамен 10 жыл өтуі мүмкін. Осы аралықта пациенттің өзі де, оның айналасындағылар да ауруды білмейді. АИТВ өзін толық қуатында жариялаған кезде, оны бақылау өте қиынға соғады. АИТВ-ның асқынуларына қарсы тұру, адамның іс жүзінде бұзылған иммундық жүйесін қолдау қиынға соғады.
Бізбен бірге жұмысқа, ойын-сауық орындарына, оқу орындарына баратын қарапайым адамдарда АИТВ болуы мүмкін екенін түсіну өте маңызды. Олардың өмірі жайнап, тіпті дені сау балаларды дүниеге әкелуі мүмкін. Ең бастысы – жағдайды дұрыс қабылдау. Сосын қажетті емді қабылдау қажет. АИТВ инфекциясы анықталған адам дұрыс көзқараспен ұзақ және бақытты өмір сүре алады.
Қорғалмаған жыныстық қатынас, стерильдікке сәйкес келмейтін татуировка және басқа да көптеген күнделікті жағдайлар АИТВ инфекциясына тікелей алып келуі мүмкін. Өмір сүрмейтін адам ғана қателеспейді. Біз бәрін алдын ала біле алмаймыз. Кеткен қателіктерді түзете алмаймыз, бірақ олардың салдарын түзету үшін қарапайым қадамдар жасай аламыз. Бұл үшін жақын жердегі тері-венерологиялық диспансерге, жергілікті клиникаға немесе АИТВ-ны ерте диагностикалау үшін мамандандырылған ЖИТС орталығына хабарласуға болады.
Ақмарал ЖАМАНОВА,
Астана қаласы әкімдігі АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігері