• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Сенат 21 Қараша, 2023

Бюджет туралы заң жобасы қаралады

114 рет
көрсетілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиында депутаттар 23 қарашада болатын Палата отырысының күн тәртібін бекітті.

Соған сәйкес бейсенбі күні өтетін отырыста сенаторлар «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңдарды қарайды.

Алдағы жылдарға арнал­ған бюджет макроэкономика­лық тұрақтылыққа, бюджеттік шығыстарды ұтымды етуге, мемлекеттік қаржының тұ­рақтылығына, банк секторын нығайтуға, сондай-ақ елде қолайлы кәсіпкерлік және инвестициялық орта құруға бағытталған. Сонымен қатар Бюро отырысында Парла­мент Мәжілісінен келіп түс­кен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.