• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қараша, 2023

Тұрғындар сауалына жауап берді

158 рет
көрсетілді

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қызылордалықтармен кездесіп, кіші Арал мәселесі, балық экспортын арттыру, жануарлар дүниесін қорғау, экологияны реттеу бағытындағы жұмыстар барысын баяндады. Кездесу барысында министр облыстағы экологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті.

Аймақтағы 2020-2024 жыл­дар­ға арналған экологиялық мәселелерді шешудің жол картасында 52 іс-шара көзделсе, бүгінде соның 20-сы орындалыпты. 23-і бойынша жұ­мыс жүргізіліп жатыр, ал 9-ының орындалуы кешіктірілген.

Осы жылдың III тоқсанында өңірдегі қатты тұрмыстық қал­дық­тар көлемі 126,5 мың тоннаға жетіп, оның 34,2 мың тоннасы (27%) қайта өңделген. Министр Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл егу көлемін 5 жылда 1,1 млн гектарға ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын да айтып өтті.

Кездесу барысында Қы­зыл­орда қаласының іргесін­дегі кірпіш және асфальт зауыттарының жұ­мысы, «Байқоңыр» кешеніндегі рұқсат етілмеген аумақтардағы қал­дық­тарды кәдеге жарату туралы сұрақтар қойылды. Су тап­шылығының кіші Арал теңізіне зардабын айтқан тұрғын­дар да болды.

– Су тапшылығының салдарынан қазір кіші Аралдың 60 па­йызы балық уылдырық шашуына жарамсыз болып қалды, – дейді ихтиолог Зауалхан Ермаханов. – Осылай жалғаса берсе, 4-5 жыл­дық­та теңіздегі балық атаулыдан айырыламыз. Сондықтан да тұзды суда тіршілік етуге бейім кам­бала глосса, камбала калкан ба­лықтарын жерсіндіруді бастап кетуіміз керек. Бұларға ке­зін­де биологиялық негіздеме жа­салған. Тек істі бастау үшін Үкі­мет қолдауы қажет. Бұл – ба­лық шар­уашылығын сақтап қалу­дың бір­ден-бір жолы.

Бұл сауалға байланысты жауапты қызмет өкілдері теңіздегі балық қоры тұрақты екендігін айтқанмен, министр тәжірибелі маман пікіріне құлақ асып, ұсы­ныс­ты талқылауды тапсырды.

Сапар барысында министр азаматтарды жеке қабылдап, сауалдарына жауап берді, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Соңынан БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

 

Қызылорда