Астанада көктайғақ пен қатты желдің салдарынан мектептердегі сабақ қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ауа райы жағдайын ескере отырып, екінші ауысымдағы сабақ уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Сабақ соңында оқушыларды мектептен ата-аналары немесе заңды өкілдері алып кеткені дұрыс», делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды.
«Сондай-ақ әрбір ата-ана сынып жетекшісіне алдын ала хабарлай отырып, баланы мектепке жібермеуіне болады», деп атап өтті департаменттегілер.