Германияның Transfermarkt веб-сайты ең құнды ардагер футболшылардың рейтингін жариялады. Бұл тізімге жастары 34-тен асқан ойыншылар енді.
Аталған рейтингте Лионель Месси көш бастап тұр. Өзінің жұлдызды жылдарын «Барселонада» өткізген 36 жастағы аргентиналық шабуылшы бұл күндері АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнайды. Оның қазіргі құны 35 млн еуроны құрап отыр.
Мессиден кейінгі орындарға Роберт Левандовски (35 жас, 30 млн), Кәрім Бензема (35 жас, 15 млн), Криштиану Роналду (38 жас, 15 млн), Томас Мюллер (34 жас, 12 млн), Лука Модрич (38 жас, 10 млн), Анхель Ди Мария (35 жас, 8 млн), Марко Ройс (34 жас, 7,5 млн), Генрих Мхитарян (34 жас, 6 млн) және Душан Тадич (34 жас, 5,5 млн) орналасты.