• RUB:
    5.45
  • USD:
    465.52
  • EUR:
    498.2
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қараша, 2023

Әлем чемпиондары шыққан Қостанай спортынан қайрат кетіп тұр

138 рет
көрсетілді

Қостанай облысының халқымен есеп беру кездесуін өткізген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен жазғы Азия ойындарына қатысқан  өңір спортшыларының көрсеткіші тым төмен болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Қытайда өткен Азия ойындарының қорытындысы бойынша, өңірлердің медаль үлесі жағынан Қостанай облысы ең нашар нәтиже көрсетті. Жергілікті спортшылар 1998 жылғы ойындардан кейін биыл алғаш рет ел қоржынына бірде-бір алтын, тіпті күміс медаль да сала алған жоқ. Сонымен қатар жуырда ғана Астанада өткен бокстан Қазақстан Спартакиадасында да Қостанай облысының боксшылары финалға жете алған жоқ. Бар-жоғы бір қола медаль иеленді. Бұл – Қостанай сияқты бокстан бірнеше әлем және Азия чемпионатының жеңімпаздарын, Олимпиаданың жүлдегерлерін тәрбиелеп шығарған өңір үшін өте ұятты жағдай», деді министр.

Қостанай облыстық бокс федерациясының басшылығына бұл мәселені жіті қадағалауда  ұстау қажеттігін жеткізді.