Қарашаның 19-23 күндері аралығында Беларусь мемлекеті Минск қаласында қоян-қолтық ұрыс спортынан әлем кубогі өтіп, Қазақстан спортшылары жеңіс тұғырларынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz almobl_jogary_sport инстаграм арнасына сілтеме жасап.
Алтыннан алқа таққандар Айдын Умбетов (90 кг) пен Тимур Шалов (+90 кг). Күмісті еншілеген Адылжан Авакри (70 кг). Қоланы қаңжығасына байлаған Санжар Жанбатыров (80 кг). Қоян-қолтық ұрыс (рукопашный бой) спортшыларының жаттықтырушылары К.Муканбеков, М.Кожбанов.