• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 28 Қараша, 2023

Батыста жаңбыр жауады, оңтүстікте күн суытады: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

263 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 28 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бүгін еліміздің батыс облыстарында жаңбыр мен қар жауады деп болжанды. Қара теңіз циклонының әсері әсіресе оңтүстік облыстардың тұрғындарына қатты әсер етеді. Бұл аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, ауа райы суытады. Күндіз ауа температурасы 15-24 градустан 0-12 градусқа дейін төмендейді.

«Елордада 28 қараша күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде шамамен 0 градус, күндіз +6 дейін. Алматыда да жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 17 градусқа дейін жылы болады. Шымкентте 28 қарашада жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 21-23 градус жылы болады», деп хабарлайды «Қазгидромет».