• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қараша, 2023

Әуежайдағы тіркеу жеңілдейді

156 рет
көрсетілді

Астана халықаралық әуежайынан жолаушылар биометриялық сәйкестендіру арқылы тіркеуден өтуі мүмкін. Қазір әуежай басшылығы елорданың әуе қақпасына заманауи технологияны енгізу мүмкіндіктерін қарастырып, кедергілерді сараптап жатыр.

Биометриялық сәйкестендіру ар­қылы тіркеу жүргізуді қолда­ныс­қа енгізуге еліміздегі биомет­рия­лық базаның бір жерге шоғырлан­ды­рылмағаны кедергі боп тұр. Сон­дықтан аталған мәселені жуық арада шешу әрі әуежайдағы цифрландыру деңгейін арттыру маңызды.

– Астана халықаралық әуежайы IATA халықаралық әуе көлігі қауым­дас­тығы мен ICAO халықаралық аза­маттық авиация ұйымымен ты­ғыз әріптестік орнатқан. Біз осы халықаралық ұйымдардың стандарттарына сәйкес әуежай қызметін дамытуды жалғастырамыз. Биометриялық сәйкестендіру бағдарламасын енгізуді авиация саласындағы телекоммуникация және IT бағдарламаларды даярлауға негізделген швейцариялық ақпараттық ұйым SITA-мен бірлесе жүргізуге ниеттіміз. Биометриялық сәй­кестендірудің көмегімен жолаушылар рейске тіркелу кезінде қажетті операциялардың барлығын орындауға, құжаттарды өз бетінше толтыруға және басып шығаруға, төлқұжаттың электронды нұсқасын толық қолдануға мүмкіндік алады, – дейді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов.

Айта кету керек, SITA-мен алдын ала келісім бойынша 27-30 қараша күндері жолаушыларды биомет­рия­лық сәйкестендіру арқылы тіркеу бағдарламасы Астана халықаралық әуежайында сынақ режімінде іске қосылады. Сынақ режіміне арнайы фокус-топ құрылған.  Еске сала кете­йік, жолаушыларды биометриялық сәй­кестендіру ар­қылы тіркеу Дубай, Сингапур, Ганконг, Сербия және Пәкіс­танның халықаралық әуежай­ларында кеңінен қолданылады.