Оқиға 29 Қараша, 2023

Қарағандыда автобус апатқа ұшырап, 7 адам жарақат алды

154 рет
көрсетілді

Кеше Қарағандыда №56 және №44 автобустар бір-бірімен соқтысып қалған, салдарынан жеті адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автобустың жеті жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті. Жолаушылар әртүрлі дене жарақаттарын алған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық емдеуге жіберілді.