• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Өнер 29 Қараша, 2023

Өнері асқақтаған халықтық хор

495 рет
көрсетілді

Биыл Астанадағы Алматы ауданы ардагерлерінің «Елорда» халықтық қорының құрылғанына 15 жыл толды. Осыған орай аталған өнер ұжымының мерейтойлық концерті өтті.

2008 жылы «Алаш аманаты» қоғамдық бірлестігі жаны­нан құрылған ардагерлер ан­самблі кейін хорға айналып, қала тұрғындарына лезде таны­мал болды. Аталған өнер ұжымы бас шаһарда өтетін түрлі мәдени іс-шараларға белсене қатысады. Әсіресе қала мектептері мен жо­­ғары оқу орындарында оқу­шы­лармен, студенттермен кез­десіп, халқымыздың ғажа­йып бай өнерін насихаттап жүр­ге­нін ерекше айтуға болады. Бір жа­ғынан, «Елорда» халықтық ар­дагерлер хоры кіндік қаламен ғана шектелмей, еліміздің басқа да өңірлеріне барып, өз өнерлерін көрсетіп жүр. Мәселен, Ақмола облысының бірнеше ауданына барып, концерт қойды. Одан қалды Шығыс Қазақстан облысындағы табиғаты көркем Катонқарағай ауданына гастрольдік сапармен барып, бір апта сол ел тұрғында­ры­на өнер көрсетті. Аудан басшылары да елордадан барған ардагерлер хорын құшақ жая қар­сы алды. 2021 жылы өнер ұжымы­на қазіргі Мәдениет және ақпа­рат министрлігінің бұйрығымен «Халықтық хор» атағы берілді. Мұны хор өнерпаздарына көрсе­тілген құрмет деп білеміз.

Қазіргі таңда хор құра­мын­да мұғалім, дәрігер, ин­же­нер, құ­ры­лысшы, мемлекеттік қыз­мет­­кер дейсіз бе, қысқасы, түрлі маман­дық иелері бар. Олардың жас мөлшері 65-тен 81 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Хор ұжымының негізгі мақсаты – өске­лең ұрпақтың бойына қазақтың әні мен күйін, салт-дәстүрін сіңіру.

Мерейтойлық концерт шы­мыл­дығы «Елорда» халықтық ар­дагерлер хорының әнұранымен ашылды. Бұл туындының сөзін Есен­бек Сәтбаев, музыкасын Же­кен Теберіков жазған. Әсем ән хор мүшелерінің орындауында тың­­дарман жүрегіне бір­ден жол тап­­ты. Сондай-ақ сахнада же­ке да­­уыста Айгүл Дүйсе­баева, Ба­қыт­жан Жұқатаева, Ақын­гүл Әл­­мұ­қанқызы, Фарида Алда­жа­нова, Бибі Қабылшаева секілді апа­ларымыз салған әндер­ді де жұрт­шылық өте жылы қабыл­да­ды. Әсіресе Базарбай Дәне­ғұ­лов аға­мыз ұлт ұстазы Ахмет Бай­тұр­­сынұлының «Аққұм» әнін зор дау­­сымен бабына келтіріп шыр­қа­ғанда делебесі қозбаған жан қал­­мады. Есенбек Сәтбаев Май­лы­­қо­жаның термесімен тыңдар­ман­­дарды бір серпілтті. Әйелдер вокал­­дық тобының Шәмші Қал­даяқов әндерінен орындалған попур­ри де жиылған қауымға қатты ұнады.

Жалпы, «Елорда» халықтық ардагерлер хорының мүшелері ме­рейтойлық концертке өте тыңғы­лықты дайындалған. Ұлттық киім­дерімен аталарымыз бен апаларымыз шыға келгенде, сахна өзгеше түрге бөленді. Бұл жерде хор же­тек­шісі, еңбек ардагері Үміт Дүй­­сенова мен хордың көркемдік же­тек­шісі, Мәдениет қайраткері Жекен Теберіковтің еңбегі зор еке­нін айта кетейік. Өйткені хор мүше­лерінің орындаған шы­ғар­ма­лардың тыңдарманға жетуі, дауыс­тарының анықтығы кәсіби ше­берлерден еш кемдігі жоқ. Олар иірімі терең туын­дылардың өзін тыңдарманға кере­мет жеткізе білді. Хор өнер­паз­дарының кон­цертті музыка­сын көрнекті компо­зитор Ескендір Хасанғалиев, сөзін атақ­ты ақын Қадыр Мырза Әлі жаз­ған «Ата­мекен» әнімен қорытын­дылауы да өте сәтті шықты.

Сондай-ақ кеш аясында өнер ұжымының өткен тарихы, мүшелері туралы баяндалған «Өнер­ді асқақтатқан «Елорда» халық­тық хоры» атты кітаптың тұсауы ке­сілді. Тұсаукесерде сөз алған Ал­­маты ауданы ардагерлер кеңе­сі­­нің төрағасы Марат Мұс­тафин бұл жинақтың мазмұны ерекше еке­­нін атап өтті. Жинақтың авторы – өлкетанушы, Ерейментау ауда­ның құрметті азаматы Манап Әдірешев.