• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қараша, 2023

Өрт шыққан хостелде шетелдіктер тұрған

221 рет
көрсетілді

Алматыда 13 адамның қазасына себеп болған хостелде басым көпшілігі шетел азаматтары болған, деп жазады Egemen.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев эвакуацияланған адамдардың көбі шетелдіктер екенін айтты.

«Хостел әкімшілігінің сөзінше, өз бетімен сыртқа шыққан адамдардың дені Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан елінің азаматтары. Араларында Қазақстан азаматтары да бар. Қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр. Хостелдің ашылғанына 1 жарым ай болған», деді Нұрлан Атығаев.

Сондай-ақ департамент басшысы жертөледен ашылған хостелде адамдарды тұрғызу заңсыз әрекет деп бағалады.

«Үш қабатты ғимараттың жертөлесінен хостел ашқан. Бұл негізі заңға қайшы. Себебі жертөле қанша жерден жабдықталса да адам тұруға арналмаған», деді Н.Атығаев.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза болғанын хабарладық.