• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қараша, 2023

«11 қазақ». Досаев хостелде қаза тапқандар қай елдің азаматтары екенін айтты

595 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыдағы хостелде шыққан өрттен 13 адам қаза тапты, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Олар көмірқышқыл газынан уланған. Екеуінің өміріне қауіп жоқ деді дәрігерлер. Ал үшінші зардап шеккен адамның жағдайы туралы әлі белгісіз.

Барлық зардап шеккен адамға толық көлемде қажетті медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетіледі.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, қаза тапқандар арасында бір Өзбекстан және бір Ресей азаматы бар. Қалған 11 адам - қазақ.

Айта кетейік, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов  көшесінде орналасқан хостел өртеніп, 13 адам қаза болды.