Астана қаласы тұрғындары үшін желтоқсанның 17-19 күндері аралығында «Хас шебер» фестивалі ұйымдастырылады. Елорда әкімдігі бұл туралы ресми сайтында хабарлады.
Елімізде бұрын-соңды болмаған отандық өнімдердің белгісін білдіретін қолөнершілер туы тігіліп, КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі.
Фестивальдің дресс-коды – ұлттық киім. Фестиваль барысында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады. Жәрмеңкеден түскен қаражаттың 10 пайызы қарттар үйіне жұмсалады.
Фестивальде қолөнершілер жұртшылыққа арнап мастер-класс өткізеді, сол сияқты қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері және қызықты ойындар ұйымдастырылады.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен фестиваль Республика көшесі, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.