Полиция қызметкерлері Алматыда өртенген жатақхананың иелерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың айтуынша, полиция қызметкерлері арнайы құжаты жоқ хостел иелерін және жалға алушылардың тұрғылықты мекенжайын анықтап жатыр. Алматы полиция департаменті бұл іске қатысты болуы мүмкін күдіктілердің әзірге тергелмегенін айтты.
«Бұл адамдардың жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта олардың тұрған жерін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Әзірге олардың ешқайсысынан жауап алынған жоқ. Қазір барлық құжаттаманы жинап жатырмыз», деді Алматы қаласы ІІД Тергеу басқармасының басшысы Айбат Мурзамадиев.
Еске сала кетейік, 30 қараша күні сағат 05:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесіндегі жатақханада өрт шыққаны туралы хабар түскен. Апат салдарынан 13 адам қаза тапты, оның төртеуі шетел азаматтары.