Елордада қыс мезгілінің басталуы және қардың мол жаууымен коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті, деп жазады Egemen.kz.
1 желтоқсан күні таңертең қала көшелерінің қары мен мұзын күреуге 2000-нан астам жол жұмысшы мен 1000-ға жуық арнайы техника шықты.
Бірінші кезекте орталық көшелер, аялдамалар мен тротуарлар тазаланып жатыр.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, арнайы орында бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
Естеріңізге сала кетейік, синоптиктердің мәліметінше, 1 желтоқсан күні Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Екпіні 15-20 м/с жел оңтүстік-батыстан соғады.