• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2023

Тараздағы көліктер шеруі

123 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы әкімдiгiнiң қолдауымен облыстық Полиция департаментіне жаңа 47 көлік берілді. Салтанатты іс-шараға oблыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, полиция қызметкерлеріне жаңа қызметтік көліктердің кілтін табыстады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ІІМ және жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірлiк полиция қызметі жыл басынан бері 59 қызметтік автокөлікпен толыққан. Оның ішінде, республика бойынша бірінші болып қазіргі заман талаптарына сай, қоршаған ортаға залалсыз, отандық өндiрiсте жасалған 25 дана электромобиль алынып отыр.

Тәртіп сақшыларына берілген те­мір тұлпарлар заманауи құралдар­мен жабдықталған. Дыбыс күшейт­кіш қондырғысы мен рациясы бар. GPS жүйесі арқылы көліктердің қай ба­ғыт­­­­та жүргені орталықтан бақы­ланады.

Iс-шара барысында департамент басшысы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин полиция қызметiнiң жұмысын арттыру мақсатында тиiмдi шара­лар қабылданғанын атап өтті. «Полиция қызметкерлерін материалдық-тех­никалық жабдықтау қылмыстың санын азайтуға септігін тигізетіні сөзсіз. Осы ретте полиция жұмысын жандандыру бағытындағы әрiп­тестiк қолдауы үшін облыс әкімдi­гiне алғысымды бiлдiремiн. Бiздiң полиция қызметкерлері бар мүмкіндіктi пайдалана отырып, аумақтағы тәртіп пен қауіпсіздіктi қамтамасыз етуде аянбай қызмет етіп келеді. Сервистік полицияны жүзеге асырып, жұртқа жақын болу мақсатындағы жұмыстар одан әрі жанданатын болады», деді ол.

Салтанатты рәсім жеке құрамның жаңа автокөліктердегi саптық шеруімен аяқталды.

2020-2023 жылдары полиция қызметкерлерінің игілігі үшін жалпы саны 309 автокөлік сатып алыныпты. Бұл әлбетте, аз емес. Ал биыл берілген 59 қызметтік автокөліктің 25-сі Қазақстанда жасалған электромобиль. Осы тұрғыдан келгенде жам­был­дық тәртіп сақшылары еліміз бо­йынша бірінші болып электромобиль мініп отырғанын айта кеткен жөн.