• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Желтоқсан, 2023

Мейірімділік акциясы басталды

182 рет
көрсетілді

Халықаралық волонтерлер күніне орай елімізде қысқы мейірімділік акциясы басталды. Бұл туралы халықаралық волонтерлер симпозиумында айтылды. Іс-шарада шетелдік спикерлер әлемдегі волонтер қызметінің жағдайын талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Олардың айтуларынша, мұндай жиындар волонтерлік қауымдастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі мен Ұлттық волон­тер­лік желінің қол­да­уымен өткен мерекелік басқосуда Мәжіліс депутаты Вера Ким қоғам­да­ғы волонтерліктің ма­ңыз­ды­лы­ғына, оның басым бағыт­та­­ры мен жетістіктеріне жіті тоқ­тал­ды.

– Ел дамуындағы волон­тер­лердің рөліне волон­терлік және қайырымдылық қызметі арқылы әлеуметтік әріптестіктің әлеуетін арттыруға Мемлекет басшысы тарапынан ерекше назар аударылды. Нәтижесінде, волонтерлік қо­з­ғалыстың жал­пы­ұлттық ауқы­мы өсіп келе жатыр. Отан­дастарымызда жақ­сы­лық жа­сау­ға, көмек көрсетуге және өмірін жақсы бағытқа өзгер­туге деген ниеті мен қарым-қабілеті қалыптасып келеді. Осынау маңызды күнде «Волонтер болу оңай» атты қысқы мейірім апталы­ғы­ның басталғанын хабарлаймыз. Мә­дениет және ақпарат министрлігінің қол­дауымен Ұлттық волонтерлік желі ұйым­дас­тырған бұл бастама қоғам игілігі үшін волонтерлік жобаларды ынталандыру және жүзеге асыруды көздейді. Игі бас­тама 4-10 желтоқсан аралы­ғында өтеді, – деді депутат.

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров рес­пуб­­ликалық және халықаралық дең­­гей­­­де волон­тер­лікті дамыту бо­­йын­­ша стра­те­гиялық құжаттар мен бастамаларды қабылдаудың маңыз­ды­лы­ғына тоқталды.

– Келер жылы АӨСШК-ге мүше елдер волонтерлер кез­десуін өткізеді. Осы тұр­ғыда Қа­зақстан өз міндеттемелерін дәйекті және мақсатты түрде жүзеге асырып, ел ішінде және Орталық Азия өңірінде ғана емес, волонтерлік қызмет пен волонтерлердің деңгейін жа­һандық тұрғыда арттыруға ұм­тылып келеді. Бұл әлеуметтік, экономикалық және сая­си сала­лардағы соңғы оқиғаларға бай­ланысты өте маңызды, өйт­кені волонтерлер ортақ мақ­сатқа – бейбітшілік пен ізгілікке ұм­тылған ізгі ниетті адамдар, – деп атап өтті вице-министр.

Симпозиум барысында елі­міздің во­лонтерлік тәжіри­бе­сінен бөлек, әлем­дегі волон­тер­лік әлеуеті туралы 2025 жылғы және БҰҰ-ның Орталық Азия­да­ғы волонтерлердің жағдайы туралы алғашқы баяндамаларды дайындау тәсілі ұсынылды.

Сондай-ақ сессияда Қыр­ғызстан, Тәжікстан және Өз­бек­­станның жетекші волон­тер­лік ұйымдарының өкілдері өз өңірлерінде волонтерлік ба­ғыт­тың дамуы туралы ақ­па­­ратпен бөлісіп, өңір­лік дең­гейде волонтерлік бастамаларды одан әрі дамыту туралы ұсыныс-пікір­ле­рін ортаға салды. Іс-шараға мем­­ле­кеттік органдардың, ха­лықаралық ұйым­дардың, шетел­дік ел­ші­ліктердің өкіл­дері мен волон­тер­лік қызмет сала­сын­дағы сарапшылар жиылды.