• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 05 Желтоқсан, 2023

Жемқор орта адал адамды да жемқор етуі мүмкін – Антикор басшысы парақорларды тұздалған қиярға теңеді

9454 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали жемқорлықты түбірімен жоймаса, тамыр жая беруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында сыбайлас жемқорлық өзекке түскен жегі құрт, ауыр дерт секілді екенін айтты.

«Біз дерттен айығу үшін дәрі, вакцина қолданатынымыз сияқты елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті күшейту арқылы құтыла аламыз», дейді А.Жұмағали.

Оның пікірінше, жемқорлықпен күресте қатаң жаза қолдану мәселені толығымен шешпейді. А.Жұмағали жемқорларды қатаң жазалайтын Қытайдың мысалын келтіре отырып, ондағы жемқорлық деңгейі жаза қаншалықты қатаң болса да азаймай отырғанын айтты. Сондықтан аталған ел билігі түсіндіру жұмыстарын күшейтіп жатқан көрінеді.

«Жемқорларды мемлекеттік аппараттан аластау керек. Бұл қадрлық мәселе. Адамдар қандай ортаға тап болатыны маңызды. Егер бақшадан жаңа әкелінген қиярды тұздалған қияр салынған ыдысқа салып қойсаңыз, ол түбінде тұзды қиярға айналады. Сондықтан бізге ортаны түзеу қажет», – деді Асхат Жұмағали.