Қыс мезгілі басталып, қар мол түсуіне байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейтінін елорда әкімдігі ресми сайтында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
6 желтоқсанда таңертеңгілік уақытта қала көшелері қарын күреуге 2000-нан астам жол жұмысшысы және 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Әуелі, орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын орындар, аялдамалар, тротуарлар тазаланады.
Естеріңізге салайық, синоптиктер болжамынша, Астанада 6 желтоқсанда қарлы боран, көктайғақ болады, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с кейде 23 м/с жел соғады.
Қалада жабдықталған бірнеше қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін санау жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.