• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Желтоқсан, 2023

Ақтөбеге жаңа газ құбыры тартылады

130 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президентке өңір басшысы Асхат Шахаров өңірдің экономикалық әлеуеті мен перспективті инвестициялық жобалары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Облыс әкімінің айтуынша биылғы 10 айда өңір экономикасына 804,4 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға көп. Салынған қаржының негізгі бөлігі, яғни 725,5 миллиард теңге жеке инвесторларға тиесілі. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 62,6 миллиард теңге, металл кенін игеруге 145,6 миллиард теңге құйылған.

Сондай-ақ биыл жалпы сомасы 57,2 миллиард теңге болатын 19 ірі жобаны іске қосу жоспарланған. Барлық инвестициялық жоба үшін жасыл дәліз қағидаты енгізілген.Асхат Шахаров қазір Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын автожолының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатқанын айтты.

Әкім Президентке Ақтөбеде кәріз жүйесін тазарту қондырғысын салу жөніндегі жобаны таныстырды. Құны 53,5 миллиард теңге болатын жобаны іске асыру үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінен қаржы тартылмақ.

Ақтөбе қаласына «Бұхара – Орал» магистральды газ құбырынан үшінші желіні тарту жұмыстары жөнінде баяндады. Жобаның жүзеге асырылуы қолданыстағы газ құбырларының жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.