• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Желтоқсан, 2023

8 мың кітап сыйға тартты

149 рет
көрсетілді

Кітап – қазына бұлағы. Елімізде баспа ісі жыл сайын өркендеп, жаңаша сипат алып келеді. Тәуелсіз жастардың әлемдік мәдениетке үлес қосқан, аты мәшһүр іргелі кітаптармен төл тілімізде танысуына жол ашылып отыр.

Елордада кəсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» қо­ғамдық қорының негі­зін қалаушы Исламбек Салжа­нов­тың бастамасымен студент­термен кездесу өтті. Белгілі меценат еліміздегі барлық қала­лық жəне аудандық кітап­ханаға инновациялық тех­ноло­гиялар туралы 8 мың кітап сыйға тартып отыр.

Іс-шараға ха­лықаралық «Қазақ тілі» қоғамының прези­денті Рауан Кенжеханұлы, «Қаз­пошта» АҚ басқарма төрағасы Əсел Жанасова, Ұлттық ака­де­миялық кі­тап­хананың директоры Ға­зиза Нұрғалиева жəне Блок­чейн технологиялары мен деректер орталықтары қа­уымдастығының басқарма төрағасы Дəурен Қарашев қатысты.

Кездесу барысында Ис­ламбек Салжанов қазақ тілінің білім берудегі өзектілігіне тоқ­талып, кітаптарды қазақ тіліне аудару халқымыз үшін бас­ты міндеттердің бірі екенін жеткізді.

– Бүгін біз, «Altyn Qyran Foundation», Қазақстан блокчейн технологиялары жəне деректер орталықтары қа­уымдастығы, Халық­ара­лық «Қа­зақ тілі» қо­­­ғамымен, сон­дай-ақ Ұлт­тық академия­лық кітап­ха­намен, «Қаз­пошта» АҚ-мен бір­лесіп ат­қарған жақсы жұ­­мысымызбен бө­ліскіміз келеді. Қазақ ті­ліндегі жа­ңа тех­нологиялар туралы төрт əлемдік бестселлер елі­міз­дің барлық қалалық жəне об­лыстық кітапхананың сө­релеріне жіберіледі. Олар «Блок­чейн технологиясы», «Ақ­­­шаның қысқаша тарихы», «Криптовалюта дəуірі», «Шындық машиналары» – ең қолжетімді жəне блокчейн технологиялары, криптоиндус­трия, WEB3 қандай екені жəне прогресс қайда жатқаны туралы қызықты 4 əлемдік кітап, – деді меценат.

Бұл кітаптардың барлығын онлайн форматта «Алтын Қы­ран» қорының ресми сайтынан қолжетімді түрде табуға болады.

Іс-шарада Блокчейн техно­логиялары жəне дата ор­та­лықтары қауымдастығының басқарма төрағасы Дəурен Қарашев кітаптардың маңызы жөнінде айтты.

– Блокчейн жа­ңа технологиялар мен инновациялар­ды дамытуға айтарлықтай əсер етеді. Бүгінде жас кəсіпкерлер орталық­тандырылмаған жобаларды құру, қар­жылық инклюзия­ны жақсарту жəне білім беру, үкімет, энер­гетика, логистика, денсаулық сақтау жəне эконо­микамыздың басқа секторлары сияқты əртүрлі салалардағы ашық­тықты арттыру үшін блок­чейнді пайдаланып жатыр», – деді ол.

Айта кетейік, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры қайырымдылық көмек көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі қорлардың ондығына кіреді жəне үш негізгі бағытта – білім беру, мəдениет жəне əлеу­меттік инфрақұрылым бойынша жұмыс атқарады.