• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 06 Желтоқсан, 2023

7 желтоқсанда еліміздің барлық аймағында қар жауып, аяз күшейеді

2271 рет
көрсетілді

Қазгидромет синоптиктері күннің суытуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

7 желтоқсан түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында желдің күші — 15-20 м/с.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпін — 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы 11-16, облыстың таулы аудандарында 2-7 жылыдан 3 градус аязға дейін, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 6-11 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Алматы қаласында күндіз ауа температурасы 14-16 градус жылыдан 1 градус аяз — 1 градус жылыға дейін күрт суытады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында — көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында желдің күші — 15-20 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде күн тұманды. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде — жаяу бұрқасын, көктайғақ.

Түнде Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні — 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде — жаяу бұрқасын, көктайғақ. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында — жаяу бұрқасын, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында — 15-20, түнде — 25 м/с.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші — 23-28 м/с дейін. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің қарқыны 30 м/с асады.

8 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында, 9 желтоқсан түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар жауып, бұрқасын көтеріледі. 7-9 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Түнде және таңертең таулы аудандарда, 8-9 желтоқсанда тәулік бойы өңірдің оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. 7-9 желтоқсанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні — 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында — жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.