• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Теннис 08 Желтоқсан, 2023

Рыбакина – дәулеттілер тізімінде

91 рет
көрсетілді

Әйгілі «Sportico» басылымы 2023 жылы ең көп табыс тапқан спортшылар­дың есімдерін жария етті. Ауқаттылар тізі­мінде біздің Елена Рыбакина да бар.

Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы мол олжаға кенелген спортшылардың рейтингінде жетінші орынға табан тіреді. Еленаның биылғы табысы 9,5 млн долларды құрап отыр. Ал бай-қуаттылар тізімінде АҚШ теннисшісі Кори Гауфф (22,7 млн) көш бастаса, екінші және үшінші орынды әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швентек (21,9 млн) пен қытайлық фристайлшы Эйлин Гу (20 млн) иеленді. Одан кейінгі сатыларға ұлыбританиялық Эмма Радукану (16,2 млн), жапониялық Наоми Осака (15 млн), беларусьтік Арина Соболенко (12,2 млн) және америкалық Джессика Пегула (9 млн) сынды теннисшілер жайғасты. Ал озық ондықты АҚШ-тың қос спортшысы – гимнасшы Симона Байлз (8,5 млн) бен гольфшы Нелли Корда (7,9 млн) түйіндеді.