• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Желтоқсан, 2023

Қазақстанда уақыт белдеуі өзгере ме?

374 рет
көрсетілді

Қазақстан келесі жылдан бастап бір уақыт белдеуіне көшуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты Еркін Әбілдің айтуынша, үкімет тиісті шешімді 2024 жылы қабылдауы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша ғалымдар бір тоқтамға келген. Олар Қазақстанның бір уақыт белдеуінде тұрғанын жақтайды.

«Екі уақыт белдеуі белгілі шамада бір ыңғайсыздық тудыратыны рас. Әсіресе, көлік және логистика мәселелеріне келгенде қиындықтар болады. Банкте де сондай, жұмыс уақыты батыста бір сағат бұрын аяқталып жатады. Басқару саласында да, бақандай екі сағат жоғалтамыз. Батыста жұмыс күні әлі басталмаған кезде, Астанада жұмыс уақыты өтіп жатады. Керісінше, батыста әлі жұмыс уақыты, ал Астанада жұмыс күні аяқтал қойған. Сонымен қатар пойыздардың, ұшақтардың кестесі ЖІӨ-де айтарлықтай шығынға әкеледі», - деді мәжілісмен.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаевтың сөзінше, Қазақстанды біртұтас уақыт белдеуіне көшіру үшін алдымен үкіметтің тиісті қаулысының жобасы дайындалуы керек.

«Заңға сәйкес ол қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына орналастырылады, онда әрбір қазақстандық өз ұстанымын білдіреді. Осыдан кейін ғана Үкімет қаулысы қабылдануы мүмкін. Мерзімін айтатын болсақ, барлық қызметтер мен азаматтардың хабардар болуы және мұндай өзгеріске дайын болуы үшін үш айдан аспайтын уақытты алады», - деп түсіндірді Елікбаев.