• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2023

"Мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілмеді". Павлодар облысының сотталған экс-әкімі ақталып шықты

685 рет
көрсетілді

Павлодар облысы прокурорының орынбасары сотқа жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты Павлодар облысының бұрынғы әкіміне қатысты іс бойынша өндірісті қайта бастау туралы өтінішхатпен жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Павлодар қаласының № 2 сотының 2020 жылғы үкімімен экс-әкімі ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3) тармағы бойынша қосымша есептелген салықтарды азайту мақсатында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталған. Оның бұл әрекеті ЖШС-ның тиісті салығын төлемеуге мүмкіндік берген.

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеушісінің 2022 жылғы қаулысымен, мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің салықты қате есептеуінің сараптама қорытындысымен қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ЖШС-нің салықты төлемеуі туралы іс тоқтатылды», делінген сот мәліметінде.

Тергеушінің істі тоқтатуына байланысты Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қосымша салықты есептеу туралы хабарламаның күшін жойды.

 Осылайша, мемлекет мүддесіне айтарлықтай зиян келтірілмеді.

 Бұл мән-жай сотқа үкім шығару кезінде белгісіз болған.

 Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты сот прокурордың өтінішімен келісіп, ҚПК 505-бабының негізінде сот үкімінің күшін жойды. Қылмыстық іс әрекеттерінде құқық бұзушылықтың болмауына байланысты сотталушы ақталды.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.