Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк, сондай-ақ «СК-Фармация»ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жөнелтілді.
Барлығы 14 түрлі тауар жүгінің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.
Гуманитарлық жүкті тиеуді ТЖМ 28237 әскери бөлімінің күштері жүзеге асырды.
Жүк «Қызыл Жарты Ай» қоғамының өкілдеріне берілетін болады.