• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Желтоқсан, 2023

Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын босатуға өтініш жазды – прокурор

240 рет
көрсетілді

Бас прокурордың орынбасары  Әсет Шындалиев 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Сатыбалдының  шартты түрде мерзімінен бұрын  босату туралы өтініш жазғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистердің сауалына жауап берген Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев әрбір сотталушы шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуына өтініш жазуға құқығы бар екенін айтты. «Қайрат Сатыбалды да өтініш берді, сот оны қарастырады. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе өтініштен бас тарту туралы шешімді сот шешім қабылдайды. Қашан қаралатынын, қандай шешім қабылданатынын білмеймін», деді Ә.Шындалиев.

2022 жылдың қыркүйек айында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі №2 соты Қайрат Сатыбалдыны «алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» баптары бойынша айыптап, 6 жылға соттаған болатын.