Мәскеудің солтүстік-батысындағы сауда үйлерінің бірінде Өзбекстан азаматтары төбелесіп, бір-біріне пышақ жұмсаған, деп жазады Egemen.kz @videobormi телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 10 желтоқсан күні болған. Олардың жанжалына Өзбекстан азаматының дәріханадан дәрі-дәрмек ұрлап шыққаны себеп болған. Дәріхана қожайыны күзетшіні жұмысын жауапты орындамадың деп айыптаған.
Айқай-шу, төбелеске ұласып, Мәскеудегі мигрант пышақпен серігінің ішін жаралаған. Қазір жарақат алған азамат емханада. Қылмыс жасады деген күдікті азамат қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған.