• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 13 Желтоқсан, 2023

13 желтоқсанда да астаналық оқушылар мектепке бармайды

176 рет
көрсетілді

Ауа райының күрт суытуына байланысты 13 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9-сыныптан кейін түскен) қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 13 желтоқсан күні ауа температурасы 33 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.

«Қала тұрғындары мен қонақтарының жарақаттануы мен үсіп қалуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және көшеде ұзақ уақыт болмауды сұраймыз», делінген ақпаратта.