• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Дін 13 Желтоқсан, 2023

"Ата жолында" жүрген: Петропавлдық діни ағым өкілі жауапқа тартылды

193 рет
көрсетілді

СҚО Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстанда тыйым салынған "Ата жолы" оккульттік-мистикалық діни ағымының өкілі - Петропавл тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тұрғылықты жері бойынша ол діни атрибуттарды қолдана отырып, дәстүрлі емес емдеумен айналысқан. Белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 489-бабының 10-бөлігі бойынша материал жиналды», деп жазды СҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Қазақстанда 2009 жылдың 5 ақпанында "Ата жолы" ағымына тыйым салынды. Секта басшылығының бір ізбасары өз-өзіне қол жұмсап, алаяқтық жасады деп айыптағаннан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Ата жолы" ЖШС-ні тарату, оның ішінде БАҚ арқылы осы сектаның қызметін насихаттау және тарату жөніндегі қызметке тыйым салу туралы шешім шығарды.

«Небәрі 11 айдың ішінде СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс аумағында діни заңнаманы бұзудың 24 фактісін анықтады», делінген полиция хабарламасында.