• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Желтоқсан, 2023

«Әлем чемпионатына жақын қалды». Бүгін футзалдан Қазақстан-Нидерланд матчы өтеді

114 рет
көрсетілді

Бүгін футзалдан Қазақстан – Нидерланд құрамалары арасында  матч өтеді. Матч Астана уақытымен 20:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Румыния, Әзербайжан, Нидерланд құрамаларымен бірге А тобына түскен Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен бірінші орында келеді, бұған дейін төрт ойында да жеңіске жетті. Нақты атағанда Әзербайжанды екі рет (4:2, 3:2), Нидерландыны (2:0), Румынияны (4:3) көрсеткіштерімен ұтты.

Елордада Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бүгін Нидерландымен кездесетін еліміздің құрамасы 20 желтоқсанда Бухарест қаласында Румыния құрамасына қарсы ойын өткізеді.

Осы матчтардың бірінде Қазақстан құрамасы жеңіске жететін болса, 2024 жылы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне бірінші орынмен тікелей жолдама алады.