• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 14 Желтоқсан, 2023

Доллар арзандап, мұнай қымбаттады

204 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасының (KASE) дерегінше, доллардың орташа сараланған бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 455,63 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 63,90 теңге (+0,67) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 491,46 теңге, рубльді 5,07 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 458,5 - 460,5 теңге, еуро 492 - 495,5 теңге, ресей рублі 5,01 - 5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Сондай-ақ әлемдік нарықта мұнай бағасы қымбаттағанын айта кету керек.

Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны 1,24%-ға өсіп, барреліне 75,18 доллар болды.

Ал NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 1,09%-ға қымбаттап, 70,23 доллар болды.