• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Желтоқсан, 2023

Велоспорттан Азия чемпионаты өтеді

109 рет
көрсетілді

Келесі жылы Алматыда шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Велоспорт федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астанада Велоспорт федерациясының  ұйымдастыруымен өткен форумда спортшылардың биылғы жетістігі сараланып,  келер жылдың жоспары айқындалды. Құрлық чемпионаты 5-12 маусым аралығында өтетін болды. 

Бәсекелестікті нығайтып, санға емес, сапаға басымдық беру мақсатында федерация басшылығы келесі жылы спорттық шараларды қысқартуды қолға алатынын айтты.   Маңызы төмен сайыс ұйымдастыру  қаржыны желге ұшырудан басқа пайда әкелмейтіндіктен осындай қадам жасалмақ.