• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Айбын 20 Желтоқсан, 2023

Бесжылдық белестер

179 рет
көрсетілді

Осыдан бес жыл бұрын құрылған «Жас сарбаз» қозғалысы балалар бойында мектептен бастап ұлттық рух ұялатады. Еліміздің барлық өңірінде жасақталған ұйым оқушыларға денешынықтырумен еркін айналысуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, жастайынан әскери мамандықтарды игеруіне жол ашады. Бұл ұйым Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, патриот­тар тәрбиелеу ісіне белсенді атсалысып келеді. Бүгінде географиясы кеңейіп, құрамы 280 мың тәрбиеленушіге жеткен.

«Жас сарбаз» балалар-жас­өс­пірімдер әскери-пат­риот­­тық қозғалысының ел үшін ма­ңызы зор. Жақында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Мұхамед­жан Таласовтың бас­­­­шы­­лығымен арнайы жиын өтіп, ұйымның келер жы­лы іс­ке асатын негізгі жо­ба­­лары таныстырылды.

«Бес жыл ішінде «Жас сарбаз» қозғалысы өз ұста­нымын нығайтып, тұжы­рым­дамалық негіздер мен дәс­түрлерге ие болды. Бүгінде әскери-патриоттық қоз­ға­лыс еліміздің барлық өңі­рін­дегі 280 мыңға жуық баланы қамтып отыр. Қозға­лыс тәр­биеленушілері отан­сүй­гіш­тік рухта тәрбие­леніп ке­леді», деді генерал-лейтенант М.Таласов.

Одан кейін «Жас сарбаз» балалар-жасөс­пі­рім­дер қозға­лы­сының құрыл­тай­шылар қатары толы­ғып, оларға төсбелгілер мен куәліктер табыс етілді. Қозғалыс активінің ке­ңей­­тілген жиналысында қоғамдық бірлестік бел­сен­­ділерін, педагогтерді, әскери қызметшілерді, аза­мат­тық персонал мен жұрт­шы­лық өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жұмалиевтер және Мах­ме­товтер отбасы арнайы «Жас сарбаз алғысы: ата-анаға» аталымын қан­жығасына байлады. Ал Роман Огай, Молдабай Сүйіндіков және Владимир Ильгнердің көпжылдық педа­гог­тік ең­бегі «Жас сарбаз алғысы: ұс­тазға» аталымымен аталып өтті. Шығыс Қазақ­стан облысына қарасты Алтай қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №8 орта мектебінің директоры Ека­терина Путилина мен Пав­лодар қаласы Қабан­бай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық маман­дан­дырылған мектеп-интер­натының директоры Иран Бектеміровке «Жас сарбаз алғысы: тәлімгерге» аталымы табысталды.

«Жас сарбаз» қозғалы­сы­ның іс-шараларына бел­сен­ді қатысқан Түркістан облы­сының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бас­тығының орынбасары, подполковник Жандос Күлдер­баев пен Талғат Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» рес­пуб­ликалық мектебі басты­ғының орынбасары, майор Арман Қалдыбеков «Жас сарбаз алғысы: тәрбие­ші­ге» сыйлығын иеленді. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та таратылатын тақы­рып­тық бейнероликтер мен фильмдерді жасауда кө­мек көрсеткен Қорғаныс ми­нистр­лігі Медиа-контент орталығы Монтаждау және дизайн бас­қармасының бастығы Сәния Садықова «Жас сарбаз алғы­сы: жанашырға» аталымында жеңімпаз болып танылды.

Жиын барысында Же­ті­су облысының әскери пат­риот­тық тәрбие жұмыс­тары жоғары бағаланып, аталған ұйымның өңірлік филиалының төрағасы Айбол Қасенов, алғашқы әскери дайындық ұстаздары Жандос Қанапиев, Федор Гончаров, Дастан Дүйсембеков «Жас сарбаз» қозғалысының ме­рей­тойлық төсбелгісімен марапатталды.

Қазір Жетісуда Отан ал­­дында борышын өтеуге асыққан жігерлі жастар көп. Оған атал­ған ұйымның қос­қан үлесі зор. Облысқа жұ­мыс сапарымен келген Қа­ру­лы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұ­мыс­тары Депар­та­ментінің бастығы, генерал-майор Бауыржан Артықов Үштөбе қа­ла­­­­сындағы жинақтау пунк­тінің құ­ры­лыс нысанын аралап көрді. Содан соң об­лыс­тық  Қорғаныс істері жө­ніндегі департаменті, об­лыс­тық жинақтау пункті, Тал­дықорған қаласының Қор­­ғаныс істері жөніндегі бас­қармасы, Сарқан, Ақсу, Ескел­ді және Кербұлақ ауданы Қор­ға­ныс істері жөніндегі бө­лім­де­рімен танысты. Қала­лық қор­ғаныс істері жөнін­де­гі бө­лім­­нің бастығы, подполковник Владимир Ким атқарылып жат­қан жұмыстар барысын баяндады.

Сондай-ақ Б.Артықов аудан, қала әкімдерімен қатар жас­тармен тілдесті. Онда әс­керге ша­қы­рылған жастар мен  жи­нақ­­тау пункттерінің мәсе­ле­ле­рі көте­­ріліп, бола­шақ сарбаздармен жан-жақты әңгіме өрбіді.

«Әскерге бару – әрбір ер-азамат үшін парыз. Бұл – Отан алдындағы қарызың, үлкен абырой және мәртебе. Қай кезде болсын, отбасыңды, туған жеріңді қорғауға сақадай сай болуың керек. Сондықтан сіздер үшін алдағы біржылдық уақыт – өмірлік сабақ алатын, нағыз азамат болып шыңдалып шығатын маңызды кезең болмақ», деді генерал-майор.

Кездесу соңында департамент, басқарма және бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

 

Жетісу облысы