• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Желтоқсан, 2023

Депутат Akon-ға домбыра сыйлағандарды сынға алды

228 рет
көрсетілді

Депутат Аманжол Әлтай Akon-ға домбыра сыйлағандарды сынға алды. Мәжіліс депутаты Қазақстанға келетін шетелдік әншілерге талап қою керектігін айтып, Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттың айтуынша, жастарымыз TikTok пен Instagram-ның тұтқынына айналып, ұлттық тәрбие өнегесінен ажырап барады.

«Күні кеше ғана Астанада өткен Akon-ның концертінде жанкүйер жастар төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. Ал ұйымдастырушылардың әншіні ұлттық киіммен қарсы алып, домбыра сыйлағандары тіптен орынсыз деп санаймын. Ұлттық музыкалық мұрамыздың символы  - қасиетті домбыраны әйелдерді қорлауды насихаттаудың айқын сипатына ие «Smack that», «hypnotiser» сияқты әндерді орындайтын әншіге беру – парықсыздық, ұлттық құндылықтарды табанға таптау деп қабылдаймын», деді депутат.