• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Желтоқсан, 2023

Қайтқан жерде қайыр бар

205 рет
көрсетілді

Пайдаланылмай жатқан және жекелеген шаруашылықтардың құзырына заңсыз өтіп кеткен жерлерді қайтару қадамы елге болсын деген ниеттен туып отыр. Өйткені иелігіндегі ен жерді игермей, шаруаға икемдемей бостан-бос ұстаған латифундистердің кесірінен жұртымыз қаншама игіліктен қағылды. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Президент пәрменімен біраз жұмыс қолға алынып, нәтижесінде 10 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес 2022-2023 жылдар аралығында тиісті жұмыстар атқарылды. Бұл ретте Президент тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау мақсатында Премьер-ми­нистр Әлихан Смайыловтың өкімімен арнайы мемлекеттік комис­сия құрылды. Оның құра­мына құқық қорғау орган­дарының, министрліктер мен әкімдіктердің өкілдері кірді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген 10 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ жайылымдық жер тапшылығы мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қайтарылған жерлерді тиісті елді мекендерге бекіту арқылы шаруаларға қатаң тәртіппен нақты қажеттілік үшін беріліп жатыр.

Мемлекет басшысының тап­сырмаларын орындауда «Amanat» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының қоғамдық-партиялық бақылауы маңызды факторға айналды. Атап айтқанда, аталған комиссия қайтарылатын жерлерді қайта бөлуді бақылаумен айналысты.

Осылайша, жерді халық ара­сында одан әрі әділ бөлу мәсе­лелері Үкіметтің ерекше бақылауында болады.