Келесі жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канын қаласында жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасының жалауы желбірейді.
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша жерлестеріміз осы күнге дейін 30 лицензияға иелік еткен екен. Спортшыларымыз биатлон, коньки, трамплиннен секіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы, керлинг, шаңғы қоссайысы, фристайл және тау шаңғысынан сайысқа түседі. Іріктеу турнирлері әлі аяқталмағандықтан алдағы уақытта жолдамалар саны арта түсуі де мүмкін.
Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасына 50 мемлекеттен келген 1 800 жас өрен қатысады деп күтіліп отыр. Олар спорттың жеті түрі бойынша 81 жүлде жиынтығын сарапқа салады.