• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2023

50 отбасы баспаналы болды

145 рет
көрсетілді

Жуырда Жалағаш кентінде 50 отбасы баспаналы болды. Осыған байланысты ұйымдастырылған рәсімге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, тұрғындарды құттықтады.

– Кейінгі жылдары Сыр өңірінде бой көтерген жаңа заманауи нысандар аудан орталықтары мен қала сәулетінің, тұрғындардың өмір са­па­сының артуына қызмет етіп ке­леді. Бүгін Жалағашта жаңа бас­панаға қол жеткізген 50 отба­сының қуа­нышын сезініп тұрмыз. Бұл – тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған қолдаудың нақты көрінісі, – деді аймақ басшысы.

Еңбек ардагері Әбілқайыр Ерәлиев жаңа баспанаға қол жеткізген тұрғын­дарды құттықтап, бата берді. Бүгінде Сыр өңірінде 4170 пәтерлік 300 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Осы күні аудандағы Мырзабай ахун ауылында дәрігерлік амбулатория мен кентте теміржол көпірі үс­тінен өтетін жаяу жүргіншілер жолы қол­данысқа берілді. Жыл соңына дейін Аламесек ауылындағы медицина мекемесінің ғимараты пайдалануға беріліп, келушілерді қабылдай бас­тайды. Келер жылы Қаракеткен ауылын­да фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысы басталады.

 

Қызылорда