• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Желтоқсан, 2023

Павлодардан қашып, Краснодарда ұсталды. 50 адамды алдап соққан қашқын қамалды

276 рет
көрсетілді

50-ден астам жәбірленушіні алдап, ақшасын жымқырған павлодарлық әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодарлық әйел 50-ден аса адамнан екі жылдың ішінде 400 миллион теңге сомасындағы қаражатты жымқырып, Ресейге қашып кеткен. Кәсіпкерлікті өрістетіп, қарттарға арналған ақылы пансионат ашу мақсатынде қыруар қаржыны алғаны анықталды. Күдікті Краснодар қаласындағы жалдамалы пәтерден ұсталып, осы қаланың тергеу изоляторына қамалды.  

Павлодарлық жедел уәкілдер биылдың өзінде іздеу жарияланған 155  қылмыскерді тапты.