• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Энергетика 26 Желтоқсан, 2023

Қазақстанда 2024 жылдан бастап автогаз біршама қымбаттайды

262 рет
көрсетілді

Энергетика министрлігі сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа баға 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Шекті баға аймақтар бойынша бекітілген:

- Астана – 76 теңге;

- Алматы – 81 теңге;

- Шымкент – 64 теңге;

- Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;

- Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;

- Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары – 76 теңге;

- Жамбыл облысы – 71 теңге;

- Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары – 64 теңге;

- Павлодар облысы – 74 теңге.

- Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.

Сонымен қатар, әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан астам) шекті баға 5 теңгеге қымбат болады.