• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Заң 27 Желтоқсан, 2023

Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты тың деректер айтты

241 рет
көрсетілді

Бас прокуратура бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың тергеу ісі қалай жүргізіліп жатқанын айтты. Әйелін асқан қатігездікпен өлтірді деп айыпталып отырған Бишімбаевқа сот 4 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған, деп жазады Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бас прокуратура бүгінде Қуандық Бишімбаевтың қамауда отырғанын мәлімдеді. 

«Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Қылмыстық Кодекстің 432-бабы («Қылмысты жасырып қалу»), ҚК-нің 119-бабы («Қауiптi жағдайда қалдыру») және ҚК-нің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша қылмыстық істер қозғалды», делінген Бас прокуратура  берген мәлімдемеде.

Айта кетейік, 99-бап негізінде 5 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.