• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Желтоқсан, 2023

Өнертапқыштың электронды тақтасы

240 рет
көрсетілді

Жылыой ауданындағы жас техниктер стансасында роботтық техника үйірмесіне жетекшілік ететін өнертапқыш Қуаныш Шалабаев екі электронды тақта құрастырды. Тақталарға сойылған қойды жіліктеу, табақ тарту тәсілі енгізілген.

Өнертапқыштың айтуынша, электронды тақта жастар арасында сойылған қойды жіліктеуді насихаттау мақсатында құрастырылған. Тақтаға қойдың бейнесі салынып, әр жіліктің атауы көрсетілген. Әр жі­ліктің атауы бар нүктені бас­қан­да, оның қай табаққа салынатыны туралы жарық жанады.

«Қойды жіліктеу бұрыннан келе жатқанымен, жастардың дені оны білмеуі мүмкін. Табақ тарту да ұмытыла бастады. Мұны жастарға үйретуіміз қажет. Сол себептен, жас буынның қызығушылығын ояту үшін Аrduino бағдарламасын қолдану арқылы «Qazaq dastur board» жобасымен екі электронды тақта дайындадым. Бірінші тақтада қойды жіліктеу, екіншісінде табақ тарту әдісін ұсындым», дейді Қуа­ныш Шалабаев.

Оның жобасына қызығатындар көп. Одан электронды тақтаны сұраушылар да бар. Жергілікті өнертапқыштың бұл жобасы өзге өңірлерге таратуға сұранып-ақ тұр.

 

Атырау облысы