• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Футбол 28 Желтоқсан, 2023

Қара үзген клубтар

115 рет
көрсетілді

УЕФА-ның ресми сайтында жылдың қорытындысы бойынша Еуропа құр­лығында ең үздік деп танылған коман­далардың рейтингі жарияланды.

Мықтылар тізімінде атақты «Манчестер Сити» көш бастап тұр. Расында да, олар ондай құрметке лайық. Хосеп Гвардиоланың шәкірттері биыл Англия Премьер-лигасы мен Англия кубогінде, УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА суперкубогінде бас жүл­дені олжалады. Күні кеше ғана «МС» клубтық әлем чемпионатында топ жарды. Екінші орынды Мюнхеннің «Бавариясы» иеленсе, Мадридтің «Реалы» үшінші сатыға жайғасты. Сондай-ақ ТОП-10-дыққа «ПСЖ» (Франция), «Ливерпуль» (Англия), «Интер» (Италия), «Лейпциг» (Германия), «Челси» (Англия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Рома» (Италия) сынды атақтары алысқа жайылған клубтар енді.

Қазақстандық командалар арасында ең үздік көрсеткіш «Астанаға» тиесілі. Елор­далық футболшылар 103-орынды иеленді. Қостанайдың «Тобылы» 179 және Алматының «Қайраты» 203-сатыға табан тіреді. Өзге командаларымыз келесі орындарға тұрақтады: «Шахтер» (Қарағанды) – 362, «Ақтөбе» – 373, «Қызылжар» (Петропавл) – 374, «Қайсар» (Қызылорда) – 375.