• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Денсаулық 29 Желтоқсан, 2023

Аптасына әр адам еркінен тыс несие картаның салмағындай пластик жұтады - зерттеушілер

140 рет
көрсетілді

Бүгінде микропластиктер тіршілігімізге етене еніп кеткен. Күнделікті тұтынатын азық-түлігіміз бен гигиеналық құралдар, кей ас үй жабдықтары пластиктен жасалған дорбада сақталады, пластик материалдан жасалады. Астың құрамына микропластиктің еніп кетуіне осының өзі жеткілікті. Зерттеуші ғалымдар пластиктің адам ағзасына қаншалықты зиян екені толық зерттелмесе де, қазір анық болған жайттардың өзі ағзаның әлсіреп, аурушаң болуына елеулі ықпал ететінін ескертіп отыр, деп жазады Egemen.kz.  

Адамдар жылына шамамен 22 000 000 микро және нанопластик жұтады. Мөлшер түсінікті болу үшін әр адам аптасына еркінен тыс бір несие картасының салмағындай микропластик жұтатынын айтсақ анық болады. Себебі олар күнделікті ас-суымыз бен ауаның құрамында қаптап жүр. Осы мәселе төңірегінде зерттеу жүргізген ғалымдар адам өкпесі мен қанынан микропластик құрамын тапқан. Пластик топыраққа түскенде мыңдаған жылдан кейін ыдырайды, осы деректен-ақ оның ағзаға түсірер ауыртпашылығын бағамдауға болады.

Plastic Soup Foundation компаниясының мамандары тұрмыста пластик тұтынуды азайтуға әр адам атсалыса алатынын айтады.

«Пластик қаптамадағы азық-түлікті көп сатып алмау үшін қайта пайдалануға болатын дорбаңызды ала жүріңіз. Тағамды жылытқанда күйдірмейтін қаптамасы бар табалардың орнына тот баспайтын болат немесе шойын табаларды пайдаланыңыз. Микропластик әсерін азайтудың тағы бір жолы – кран суын сүзгіден өткізу.  2019 жылғы сараптама АҚШ-тағы құбыр суы сынамаларының 95 пайызында дерлік пластик талшықтар бар екенін көрсетті. Сонымен қатар үйдегі тазалық жұмыстарына экологиялық таза заттарды қолданған жөн. Өйткені губкалар, микроталшықты сүлгілер мен ас үй щеткалары микропластикпен ластайтын негізгі көздер болып саналады», деп түсіндіреді Plastic Soup Foundation компаниясы.

Жуынатын бөлме бұйымдары біз ойлағандай таза болмай шықты. Ғалымдар микропластиктің адам ағзасына еніп кетуі осы бұйымдар арқылы да көбірек жүзеге асатынын мәлім қылды.

«Барлық косметикалық өнімнің 90 пайызында түс пен жылтырлық, тұтқырлық беру үшін қосылатын микропластик бар. Осы өнімдер жуыну барысында шайылып, 100 000-ға жуық пластик бөлшек кәріз жүйесіне түсіп, тазарту құрылғыларынан да өтіп, су жолдарын ластайды. Дезодорант индустриясы жыл сайын 15 миллион фунттан астам пластик қалдықтарын шығарады. Ішінара пластиктен жасалатын бет сүртуге, сәбилерге арналған майлықтар бір ғасырдан астам уақыт ыдырауы мүмкін. Сол сияқты екі миллиардтан астам бір реттік ұстара жыл сайын қоқысқа тасталады. Сіз қайта пайдалануға болатын баламалы заттарды таңдау немесе сусабын, сабын және пластиксіз табиғи дезодоранттар сияқты қалдығы аз қаптамадағы өнімдерді сатып алу арқылы пластик тұтынуды едәуір азайта алаcыз», дейді Plastic Soup Foundation  компаниясы мамандары.

(Дереккөз: nationalgeographic.kz)